Уимблдон: ерлерден чемпиондық атаққа кім таласады

Уимблдон: ерлерден чемпиондық атаққа кім таласады
Теннис

Reuters

Теннистен 2023 жылғы Уимблдон турнирі өзінің шарықтау шегіне таяды. Ерлерден жарыстың шешуші сынына шыққан теннисшілер белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Лондондағы “Үлкен дулыға” турнирінің жартылай финалында италиялық Янник Синнерді жеңген Новак Джокович пен ресейлік Даниил Медведевтен басым түскен Карлос Алькарас чемпиондық атаққа таласады.

Уимблдонның ерлер арасындағы жекелей сыны финалы 16 шілде күні өтеді.