Семсерлесу: әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды

Семсерлесу: әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды
Басқа

Семсерлесуден Италияның Милан қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы: 

Шпага: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, София Николайчук, Александра Тамбовцева, Владислава Андреева, Ульяна Писцова

Қылыш: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан Жанат Нәбиев, Мұхамедәли Рахманәли, Айгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Татьяна Приходько

Рапира: Тамирлан Қалимов, Ғалым Нұрымов 

Қазіргі таңда 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу жүріп жатыр. Сондықтан осы жарыста Олимпиадаға қатысуға қажетті максималды ұпай санын еншілеуге болады.