Қазақстандық теннисшілер Уимблдонда қанша табыс тапты

Қазақстандық теннисшілер Уимблдонда қанша табыс тапты
Теннис

Қазақстандық теннисшілердің 2023 жылғы Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ширек финалда сүрінген әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлинг (194 млн теңге) пайда тапты. Ал мансабында алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымында бақ сынаған Александр Бублик 207 мың фунт стерлинг (118 млн теңге) еншіледі. Жекелей және жұптық сындарда алғашқы айналымнан әрі аса алмаған Юлия Путинцева жалпы 61 млн фунт стерлинг (35 млн теңге) алды. Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина 6 875 фунт стерлинг (3 млн теңге) алса, аралас жұптық сында ширек финалға жеткені үшін 8 250 фунт стерлинг (4 млн теңге) пайда тапты. Ерлер арасындағы жұптық сынның алғашқы кезеңінде сүрінген Александр Недовесов пен Андрей Голубев 6 875 фунт стерлингтен (3 млн теңге) алды. Уимблдонның іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында ойнаған Тимофей Скатовтың турнирден тапқан табысы 12 750 фунт стерлинг (7 млн теңге) болды.