Лионель Месси 2023 жылдың үздік футболшысы атанды

Лионель Месси 2023 жылдың үздік футболшысы атанды
Футбол

Чемпионат.com

ESPN басылымы өзінің жыл сайынғы ESPYS премиясы иегерлері есімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

 “Интер Майами” шабуылшысы Лионель Месси 2023 жылдың үздік футболшысы болып танылды. 

Сонымен қатар, Месси 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатындағы ойыны үшін де марапат алды. 

Лео Месси өткен жылғы әлем біріншілігінде турнирдің үздік ойыншысы деп танылған, ал Аргентина құрамасы болса чемпионат жеңімпазы атанған еді.

Еске сала кетейік, осы аптаның соңында Лионель Месси америкалық “Интер Майамимен” келісімшартқа қол қойып, оның клубтағы ресми таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр.