16 жастағы ресейлік теннисші Франция азаматтығын алмақшы

16 жастағы ресейлік теннисші Франция азаматтығын алмақшы
Теннис

Getty Images

Әлем теннисінің болашақ жұлдызы Мирра Андреева Франция азаматтығын алмақшы, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Tennis World USA жазды. Бұған дейін оның отандасы Варвара Грачева да Франция азаматтығын алған. 

16 жастағы жас теннисші Францияда жаттығады. Оның әпкесі Эрика да теннисші. Екеві Красноярскіде туған, Мәскеуде тұрған және жаттыққан, артынша Канныдағы академияға көшіп кеткен.

Еске салайық, Мирра Андреева биылғы Уимблдонның ширек финалына бір табан қалғанда тоқтады. 1/8 финалда ол америкалық Мэдисон Кизге жол берді.