Карлос Алькарас 2007 жылдан бері Уимблдонның жартылай финалына шыққан ең жас теннисші атанды

Карлос Алькарас 2007 жылдан бері Уимблдонның жартылай финалына шыққан ең жас теннисші атанды
Теннис

2023 жылғы Уимблдон турнирінің ширек финалында испаниялық Карлос Алькарас даниялық Хольгер Рунені жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Мансабында алғаш рет “Уимблдон” жартылай финалына шыққан Карлос Алькарас 2007 жылдан бері Лондондағы “Үлкен дулыға” турнирінің финалы жолдамасы үшін таласатын ең жас теннисші атанып отыр. Осыдан 16 жыл бұрын осы жетістікке Новак Джокович қол жеткізген. 

Жартылай финалда Карлос Алькарас ресейлік Даниил Медведевке қарсы ойнайды.