Ресейлік теннисші Уимблдонда шу шығарды
Теннис
Getty Images
Ресейлік теннисші Даниил Медведев 2023 жылғы Уимблдон турнирі ширек финалында америкалық Кристофер Юбэнкске қарсы өткізген матчында шу шығарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Ойын кезінде төреші Дамьен Дюмюсуа ресейлік теннисшінің ұрған добы операторға тигені үшін Медведевке ескерту берді. Даниил төрешінің шешіміне көңілі толмай, онымен сөз таластырған. Матч біткен бойда Даниил Медведев тағы да төрешімен сөзге келіп қалған.
Еске салайық, Даниил Медеведев Кристофер Юбэнксті бес сетте 6:1, 1:6, 4:6, 7:6, 6:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Биылғы Уимблдон бәсекесінің шешуші сынына шығу үшін Даниил Медведев әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькараспен сынға түседі.