“Барыс” Батырлан Мұратовпен келісімшарт жасасты

“Барыс” Батырлан Мұратовпен келісімшарт жасасты
Хоккей

Елордалық “Барыс” шабуылшы Батырлан Мұратовпен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

24 жастағы форвардпен жасалған жаңа екіжақты келісімшарт екі маусымға, 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген. 

Өткен маусымда шабуылшы “Барысқа” қайта оралып, ҚХЛ-да 11 матч өткзііп, бір нәтижелі пасты өз есебіне жазды. Негізгі командадан бөлек, Мұратов “Номадқа” Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін еншілеуге көмектесті. Ел біріншілігінің тұрақты кезеңі 12 ойынында 11 (2+9) ұпай олжалады. Кейіннен Pro Hokei Ligasy плей-оффында 21 (6+15) ұпай жинап, үзідк сұрмерген атанды.