Новак Джокович әйгілі Федерердің жетістігін қайталады

Новак Джокович әйгілі Федерердің жетістігін қайталады
Теннис

Tennismajors.com

Сербиялық теннисші Новак Джокович әйгілі Роджер Федерердің жетістігін қайталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

2023 жылғы Уимблдон турнирінің ширек финалында Андрей Рублевті жеңген сербиялық теннисші Opta-ның жазуынша мансабында 46 рет “Үлкен дулыға” турнирлерінің 1/2 кезеңіне шығып отыр. Осылайша, ол швейцариялық теннисші Роджер Федерердің жетістігіне қол жеткізді. Бұл көрсеткіште үшінші болып Рафаэль Надаль тұр - 38. 

Биылғы Уимблдон жартылай финалында Джокович италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасады.