Уимблдон-2023: ерлер арасында жартылай финал жолдамасына кімдер таласады

Уимблдон-2023: ерлер арасында жартылай финал жолдамасына кімдер таласады
Теннис

2023 жылғы Уимблдон турнирінің ширек финалына шыққан барлық ер теннисшілер анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Лондондағы биылғы “Үлкен дулыға” турнирі ширек финалында ойнайтындар:

Карлос Алькараса (Испания) - Хольгер Руне (Дания)

Даниил Медведев (Ресей) - Кристофер Юбэнкс (АҚШ) 

Янник Синнер (Италия) - Роман Сафиуллин (Ресей) 

Андрей Рублев (Ресей) - Новак Джокович (Сербия) 

Айта кетейік, Уимблдон жарысы 3-16 шілде аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 44 700 000 фунт стерлинг. Былтыр бұл жарыста сербиялық теннисші, “Үлкен дулыға” турнирінің 23 дүркін жеңімпазы Новак Джокович чемпион атанған еді.