“Снежные Барсы” ойыншысы мансабын Америкада жалғастырады

“Снежные Барсы” ойыншысы мансабын Америкада жалғастырады
Хоккей

Шабуылшы Илья Шапоров мансабын Америкада жалғастырады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Көктемде форвард USPHL Premier-де өнер көрсететін “Потомак Пэтриотс” клубымен келісімшартқа қол қойған. 

Өткен маусымда 19 жастағы шабуылшы “Снежные Барсы” құрамында ойнап, Қазақстан чемпионатының 38 матчында 13 (5+8) ұпай олжалаған.