Бензема мен Кантенің клубына португалиялық шабуылшы қосылды
Футбол
"Әл-Иттихад" ФК баспасөз қызметі
Португалиялық шабуылшы Жота "Селтиктен" саудиялық "Әл-Иттихадқа" ауысты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұл туралы саудиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Трансфер құны 30 лмн еуро болып, шабуылшының келісімшарты 2026 жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады. Осылайша, ол франциялық Карим Бензема мен H'Голо Кантенің командаласы атанды.
2022-2023 жылдар маусымында Жота "Селтик" құрамында 43 матчқа қатысып, 15 гол және 12 нәтижелі паспен көзге түсті.
Форвардтың шотландиялық клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген еді.