Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды
Теннис

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған дүниежүзілік рейтингті жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қалды. Отандасымыздың қоржынында 5090 ұпай бар. Дүниежүзілік рейтингтің көш басында польшалық Ига Швентек тұрса, екінші орында Арина Соболенко тұр. 

Ал Юлия Путинцева болса, рейтингте 56-орынға тұрақтады.