Мессидің клубыга жаңа бас бапкер тағайындалды

Мессидің клубыга жаңа бас бапкер тағайындалды
Футбол

Лионель Мессимен және Серхио Бускетспен келісімшартқа қол қойған америкалық “Интер Майамиге” жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Келесі маусымда команданы Херардо Мартино жаттықтырады. 

Херардо Мартино “Барселона” клубына, Аргентина және Мексика құрамаларын жаттықтырған. 

60 жастағы маман аргентиналық және парагвайлық командалармен де жұмыс істеген. 2013 жылы ол “Барселонамен” бірге Испания Суперкубогын жеңген.