Бокс: Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды

Бокс: Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды
Бокс

IBA

Бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі мәлімдеді. Құрлықтық бәсекенің Қазақстанда өткізілмеуінің себебі ашық айтылған жоқ. 

Айта кетейік, жастар мен жасөспірімдер арасындағы сары құрлық бәсекесі 14-30 шілде күндері Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтуі керек болған.