“Әл-Ахли” Роберто Фирминомен келіссөз жүргізіп жатыр
Футбол
Спорт-Экспресс
“Ливерпульдің” бразилиялық шабуылшысы Роберто Фирмино мансабын Сауд Арабиясы чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Инсайдер Фабрицио Романоның жазуынша, “Әл-Ахли” футболшыға қызығушылық танытып отыр және қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Роберто Фирминоға “Ювентус” ту қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған. Бразилиялық форвардтың “Ливерпульмен” келісімшарты 2023 жылдың маусым айында аяқталады. 2015 жылдан бері “Ливерпуль” намысын қорғап келе жатқан Фирмино клубпен бірге Чемпиондар лигасы мен Англия чемпионатында жеңімпаз атанған. Өткен маусымда футболшы Англия біріншілігінде 25 ойынға қатысып, 11 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті.