Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қалды

Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қалды
Теннис

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) дүниежүзілік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің үздік үштігіндегі орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева  топ-50 тізімнен шығып қалып, 53-орынға табан тіреді. 

Әлемдік рейтингтің көш басында Ига Швентек (Польша) тұрса, екінші орында белорусиялық Арина Соболенко келеді.