Олимпиада чемпионы Бубликтің финалдағы жеңісінің сырын түсіндірді
Теннис
Olympics.com
Теннистен Олимпиада чемпионы Елена Веснина қазақ теннисшісі Александр Бубликтің Галледе Андрей Рублевті жеңуінің сырын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Айтарлықтай тең ойын болды, екеуі де жеңіске лайық еді. Десе де, Александр матчтың соңғы жағында қарқынын күшейте түсті. Допты ойынға қосуы мен көгалдағы ерекше ойыны жеңіске жетуіне көмектесті. Бублик - ерекше теннисші, ойнау стилі де, өзін ұстауы да басқаларға ұқсамайды. Осы аптада жолы болды, бүгін допты ойынға қосуы Андрейге қарағанда жақсырақ болды”.
Сонымен қатар, Елена Веснина финадда үшінші шет шешуші рөл ойнағанын жасырмады.
”Рублев өзінің оұрақты ойынының арқасында Бубликті жеңіп кететіндей көрінген. Бірақ Саша өзінің қысқартылған соққыларымен, торға жақындап ойнауының арқасында Рублевке кедергі келтірді. Осының арқасында жеңіске жетті”, - деді Елена Веснина.
Айта кетейік, Александр Бублик осы жеңісінің арқасында АТР рейтингінде 27-орынға көтерілді.