Махмұд Сабырхан Олимпиада үшін салмағын ауыстырды

Махмұд Сабырхан Олимпиада үшін салмағын ауыстырды
Бокс

KBF

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан салмағын ауыстырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Енді қазақтың былғары қолғап шебері 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайдыя

”Кез келген боксшының арманы - Олимпиада ойындары. Менің салмақ дәрежем - 54 келі. Бірақ бұл Олимпиада ойындарының салмағы емес, сондықтан енді 57 келіде бақ сынай бастаймын. Бұған дейін Таиландта өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында осы салмақта жұдырықтасып көрдім, жеңімпаз атандым. Оңай болады демеймін, тіпті бұрынғыдан да қиынырақ болуы мүмкін. Қарсылас көп, сәйкесінше бәсекелестік те. Қазақстан чемпионатында жеңіске жетуімнің өзі үлкен жетістік болмақ. Бұл салмақта Серік Теміржанов, Ораз Асылқұлов, Сабыр Ерболат және өзгелер өнер көрсетеді. Бәрінің мақсаты бір - Олимпиадаға бару. Сондықтан ешкім осалдық танытпайды”, - деді Махмұд Сабырхан Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында.

Еске салайық, Махмұд Сабырхан Ташкентте өткен әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған еді.