ҚХЛ-да ойын тәжірибесі бар хоккейші “Құлагерге” ауысты

ҚХЛ-да ойын тәжірибесі бар хоккейші “Құлагерге” ауысты
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы топ клубында және өзге де командаларында ойнаған қорғаушы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Шайба.kz сайтының жазуынша, қорғаушы Станислав Калашников келер маусымда петропавлдық “Құлагер” құрамында ойнайды. Өткен маусымда 31 жастағы қорғаныс ойыншысы “Зауралье” намысын қорғаған. Бүкілреаейлік хоккей лигачы тұрақты маусымының 14 матчында бірде-бір нәтиделі ұпай еншіленбеген. 

Жалпы, Станислав Калашников мансабында ҚХЛ-да ойнап, “Авангард”, “Северсталь”, “Нефтехимик”, “Югра”, “Торпедо” және “Металлург” (Новокузнецк) сынды командалар сапында өнер көрсеткен.