Донна Векич Рыбакинаны қалай жеңгенін айтты

Донна Векич Рыбакинаны қалай жеңгенін айтты
Теннис

Берлиндегі WTA 500 жарысында әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаны 6;7, 6:3, 6:4 есебімен жеңген хорватиялық Донна Векич қазақстандық спортшыны қалай жеңгенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

“Жаттығудан келе жатқанда, көлікте твиттер қарап отырғанмын. Сонда Роддиктің көгалдағы кортта Еленаға тең келер ешкім жоқ екенін айтқанын оқыдым. Ішімнен: “Көрерміз” дедім (күлді). Көгалда өзімді ең үздікпін деп айта алмаймын, бірақ қазір кез келген спортшы ең мықты деген қарсыласын жеңе алады. Бастысы - өзіңе деген сенім”, - деп жазады Донна Векичтің сөзін “Элита Большого Тенниса” Telegram арнасы.

Айта кетейік, бұл Берлиндегі WTA 500 жарысы Елена Рыбакинаның биылғы көгалдағы маусымдағы алғашқы сайысы болған.