Елена Рыбакина Берлиндегі бәсекені аяқтады

Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 сайысындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Отандасымыз жарыстың ширек финалына шығу үшін хорватиялық Донна Векичпен сынға түскен. Алғашқы сетте Елена Рыбакина 7:6 (7:1) есебімен жеңіске жеткенімен, қалған екі сетті 3:6, 4:6 есебімен хорватиялық теннисші өз пайдасына шеше білді.