Елена Рыбакина көгалдағы маусымды сәтті бастады

Елена Рыбакина көгалдағы маусымды сәтті бастады
Теннис

WTA

Әлемнің үшінші, Қазақстанның бірінші ракеткасв Елена Рыбакина 2023 жылғы шөптегі маусымды сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Берлинде өтіп жатқан Bett1open WTA 500 жарысының бірінші айналымында Елена Рыбакина 20 жастағы Полина Кудерметовамен шеберлік байқасты. Ресейліа теннисшімен болған ойын 6:4, 6:2 есебімен Елена Рыбакинаның пайдасына шешілді.

WTA 500 жарысының ширек финалына шығу үшін Қазақстанның үздік теннисшісі хорватиялық Донна Векичке қарсы матч өткізеді.