Кореялық футболшы "Әл-Иттихадтан" қомақты ұсыныс алды
Лондондық "Тоттенхэм" құрамында ойнайтын кореялық шабуылшы Сон Хын Минге саудиялық "Әл-Иттихадтан" қомақты көлемде ұсыныс келіп түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
ESPN жазуынша, саудиялық клуб ойыншымен төрт жылға келсімшартқа қол қойып, жылына 30 млн еуро төлеуге дайын. Осыдан біраз уақыт бұрын "Әл-Иттихад" франциялық Карим Бенземамен келісімшартқа қол қойған. Енді клуб "Тоттенхэмге" 30 жастағы кореялық ойыншының трансфері үшін 60 млн еуро беруге дайын. Бірақ, лондондық клуб шабуылшысын сатуға ниеттеніп отырған жоқ. "Әл-Иттихад" Соннан бөлек, "Челси" ойыншысы Н'Голо Кантені қатарына қосқысы келіп отыр.
Ағылшын Премьер-Лигасының 2022/2023 жылдар маусымында Сон Хын Мин 36 матчқа қатысып, 10 гол және 6 паспен көзге түсті. Ол соңғы 8 маусым бойы "Тоттенхэм" намысын қорғап келеді.