“Снежные Барсы” маусым алдындағы дайындық жоспарын жариялады
“Барыс” ХК
“Снежные Барсы” Жастар хоккей лигасындағы маусымы алдындағы дайындық жоспарын бекітті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Барыс” хоккей клубының баспасөз қызметі команданың жаңа маусымға дайындығы қалай өтетінін жариялады.
2 шілдеде команда демалыстан шығады.
Медициналық тексеріс аяқталғанан кейін, команда Астанадағы оқу-жаттығу жиындары алғашқы кезеңін бастайды (5-31 шілде)
2-7 тамыз күндері “Снежные Барсы” Омбыда өтетін “G-Drive Кубогына” қатысады.
22-25 тамыз аралығында Тулада өтетін “Тула облысы Губернаторы Кубогы-2023” жарысында бақ сынайды.
28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында елордада оқу-жаттығу жиындарының қорытынды кезеңі өтеді.
Айта кетейік, “Снежные Барсы” соңғы үш маусым бойы Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен.