Констанстин Двуреченский ҚХЛ клубымен келісімшартқа қол қойды

Хоккей
Shaiba.kz
Қазақстандық шабуылшы Константин Двуреченский “Ладамен” келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Инсайдер Артур Хайруллиннің жазуынша, 19 жастағы хоккейші клубтың Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін “Ладья” командасы құрамында ойнайды.
Өткен маусымда “Барыс” тәрбиеленушісі қарағандылық “Сарыарқа” құрамында ойнады. Қазақстан чемпионаты тұрақты маусымының 28 ойынында ол 11 (4+7) ұпай, ал плей-оффтың 8 матчында 3 (2+1) ұпай еншіледі.
Ал Қазақстан жастар чемпионатында “Қыран” құрамянда өткізген 7 матчында 10 (1+9) ұпай олжалаған.