Шамшадин мен Қырғызбаев дзюдодан Grand Slam финалына шықты

Шамшадин мен Қырғызбаев дзюдодан Grand Slam финалына шықты
Дзюдо

Қазақстан дзюдо федерациясы

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде екі қазақстандық спортшы финалға шықты. Қазақстан сапынан 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде Әзербайжан спортшысы Назир Талибовты ұтты. Келесі белдесуінде Мағжан өзбекстандық спортшы Бахром Ботуровты иппон ұпайымен жеңсе, жартылай финалдық белдесуде тәжікстандық Мерзод Суфиевтен басым түсті.

Ақтық сында Мағжан Шамшадин франциялық Седрик Револмен кездеседі.

Ал жарыстың екінші айналымында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге дейін салмақта әлем чемпионы Яго Абуладзені жеңіп, кезіндегі есесін қайтарды. Оның келесі қарсыласы Нармандах Баянмунхты (БАӘ) сенімді түрде ұтып, ширек финалға жолдама алды.