Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына неліктен қатыспайтынын түсіндірді

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына неліктен қатыспайтынын түсіндірді
Футбол

Getty Images

Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтыны жайлы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Жасым мен оның өткізілетін уақыты себебіне әлем чемпионатында ойнау маған қиынға соғады. Іріктеу матчтар, Америка Кубогы бар, ал әлем бірінішілігі туралы ойлауға әлі ерте", - деп жазады Мессидің сөздерін TyC Sports.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада мен Мексика елдерінде өтеді. Өткен аптада Лионель Месси америкалық "Интер Майами" ойыншысы атанды. 

2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында Аргентина ұлттық құрамасы чемпион атанған, ал Лионель Месси турнирдің үздік ойыншысы деп танылған еді. Өткен маусымда Лионель Месси "ПСЖ" сапында 32 ойынға қатысып, 16 гол және 16 пасты өз есебіне жазды.