Париждегі Олимпиадада қазақ спортшылары киіп шығатын форма қандай болмақ

Париждегі Олимпиадада қазақ спортшылары киіп шығатын форма қандай болмақ
Басқа

olympic.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарындағы ұлттық құрама формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында қазақ спортшыларына ұсынылатын форманы отандық дизайнерлер тігеді. 

"Ұлттық құрама формасын неге отандық дизайнерлерге тіктіртпеске? Қазір осы үшін мобильід қосымша жасап, байқау шарттарын ойластырып жатырмыз. Қысқы Олимпиадаға арнап тігілген форма үздік деп танылды. Сол жетістікі қайталай, тіпті одан да асып түсе аламыз деп ойлаймыз", - деді Айгүл Бектенова. 

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына брейк-данс қосылды. Сондықтан брейкдансерлер мен скейтбордшылардың формасы ұлттық құраманыкінен сәл өзгерек болмақ. Өйткені, олар субмәдениеттің арқасында Олимпиада бағдарламасына енгізілді және өздеріне тән ерекшеліктері бар. Брейкдансерлер мен скейтборшылар киіміне арналған байқау 14 маусым күні жарияланды. Комитет таңдау жасау барысында осы спорт түрі өкілдерінің қалаулары есепке алынады деп отыр.