ҚХЛ топ-клубының экс ойыншысы 44 жасында өмірден өтті
"Амур" ХК
Хабаровскілік "Амурдың экс капитаны, уфалық "Салават Юлаевпен" бірге Суперлига чемпионы атанған Дмитрий Тарасов 44 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұл туралы хабаровскілік клубтың баспасөз орталығы мәлімдеді. Спортшы кеше, 14 маусым күн дүниеден озған. Бірақ оның өліміне не себеп болғаны әзірге құпия қалып отыр.
Дмитрий Тарасов 2007/2008 жылдар маусымында уфалық "Салават Юлаевпен" бірге Суперлига чемпионы атанған. "Амур" және "Салават Юлаев" командаларынан өзге, Дмитрий Тарасов "Сібір", мәскеулік "Динамо" және "Спартак" құрамында өнер көрсетті. 2017 жылдың 4 қарашасында мансабын аяқтаған хоккейші 2020/2021 жылдар маусымында "Амурские тигры" Жастар хоккей лигасы командасы бас бапкері көмекшісі қызметін атқарып та көрді.