Ромелу Лукаку Сауд Арабиясында қанша табыс тапқысы келетінін айтты

Ромелу Лукаку Сауд Арабиясында қанша табыс тапқысы келетінін айтты
Футбол

Gety Images

Лондондық "Челси" шабуылшысы Ромелу Лукакудың саудиялық "Әл-Хилальға" ауысу үшін сұраған жалақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Беделді инсайдрлердің бірі Санти Аунаның жазуынша, Лукаку өзінің жаңа клубында жылына 90 млн еуро табыс тапқысы келіп отырған көрінеді. Ал саудиялық "Әл-Хилаль" оған жылына 20 млн еуро жалақы алатын келісімшарт ұсынған. 

"Әл-Хилаль" шабуылшы трансфері жайында "Челсимен" келіссөз жүргізуді бастауға дайын отырған еді, алайда енді оның орнына өзге де футболшыларды қарастырып көреді. 

30 жастағы Ромелу Лукаку өткен маусымды "Интер" сапында жалға берілген ойыншы ретінде өткізід. Италиялық клуб құрамында 37 ойынға қатысқан форвард 14 гол мен 7 пасты өз есебіне жазды.