Карим Бензема “Әл-Иттихадта” қанша табыс табады

Карим Бензема “Әл-Иттихадта” қанша табыс табады
Футбол

Getty Images

Франциялық шабуылшы Карим Бенземаның жаңа клубы саудиялық "Әл-Иттихадтағы" жалақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Foot Mercato басылымының жазуынша, Карим Бензема клубтағы үш маусымы аясында жылына 27,5 млн еуро табыс табады. 34 жастағы форвард мадридтік "Реал" сапында өткізген 14 жылынан кейін "Әл-Иттихадқа" ауысқан болатын. Оның трансфері туралы 6 маусым күні ресми мәлімделді. 

Өткен маусымда Карим Бензема 23 матчқа қатысып, 18 гол және 3 нәтижелі паспен көзге түсті. 2022 жылы франциялық футболшы "Алтын доп" иегері атанған.