Ромелу Лукаку "Әл-Наср" ойыншысы атануы мүмкін
Getty Images
"Челсидің" бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукаку "Әл-Наср" ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Goal басылымының жазуынша, Ромелу Лукаку клубпен келіссөз жүргузі үшін Сауд Арабиясына аттанған. Форвардқа маусымына 25 млн еуро жалақы алатын ұсыныс түскен. Саудиялық клуб бельгиялық футболшымен иекі жылға келісімшарт жасасуды көздеп отырған көрінеді. Шабуылшы мен команда арасындағы келіссөздің бірінші кезеңі өткен.
Саудиялық клубтың ұсынысы Лукакуға ұнағанымен, оның "Челсимен" келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген. Лондондық клуб форвардтың трансфері үшін 50 млн еуро сұрамақшы. Ал Transfermarkt мәліметінше, Лукакудың трансферлік құны 40 млн еуро.
Өткен маусымда Ромелу Лукаку 36 ойынға қатысып, 14 гол және 7 нәтижелі паспен көзге түскен.