Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы қуанышты жаңалығымен бөлісті

Қысқы спорт
Беларусь елінде тұратын этникалық қазақ. Олимпиада чемпионы Динара Әлімбекова жақында сәбилі болатынын мәлім етті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ол өзі секілді биатлоншы Антон Смольскийге тұрмысқа шыққан. Жақында жас отбасы гендер-пати ұйымдастырып, ұлды болатындарын жариялады.
Айта кетейік, Динара 1996 жылы Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Әкесі қазақ, анасы беларусь. Үш жасында Беларусь мемлекетіне көшіп кеткен. 2018 жылы биатлоннан командалық эстафетада Олимпиада чемпионы атанған. Сөйтіп, ұлты қазақ қыздарынан тұңғыш болып, осы шынды бағындырды.