“Челси” Онананы алу үшін екі ойыншысын алмастыруға дайын
Футбол
Чемпионат.com
Лондондық “Челси” италиялық “Интер” қақпашысы Андре Онананы қатарына қосуға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды basssport.kez тілшісі.
The Sun мәліметінше, ағылшындық клуб камерундық қақпашыны алу үшін екі ойыншысын алмастыруға дайын. Әсіресе, Онананың “Челсиге” қосылуына команданың жаңа бас бапкері Маурисио Почеттино қызығушылық танытып отыр.
Онананың орнына клуб шабуылшы Ромелу Лукаку мен қорғаушы Калиду Кулибалиді ұсынуға әзір.
2022-2023 жылдар маусымында Онана “Интер” сапында 40 матчқа қатысты. Ойыншының миландық клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген. Футболшының трансферлік құны шамамен 20 млн еуро.