Зинедин Зидан “ПСЖ-ны” жаттықтырудан бас тартты

Зинедин Зидан “ПСЖ-ны” жаттықтырудан бас тартты
Футбол

Getty Images

Мадридтік “Реалдың” экс бас бапкері Зинедин Зидан франциялық “ПСЖ-ны” жаттықтырудан бас тартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Le Parisien мәліметінше, “ПСЖ” 50 жастағы маманға франциялық клубты басқаруға ұсыныс жасаған. Бірақ бапкер көлемді жалақыға қарамастан, бұл ұсыныстан баа тартқан. 

Зинедин Зиданның ешқандай клубта жұмыс істемегеніне екі жылға жуық уақыт болды. 

Бүгінде “ПСЖ” бас бапкер қызметіне Луис Энрике мен Хаби Алонсоны да қарастырып отыр. Сонымен қатар, бұл тізімде “Баварияның” экс бапкері Юлиан Нагельсман да бар.