2024 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылатын күн белгілі болды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылатын күн белгілі болды
Басқа

Getty Images

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанатын күн белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Париждегі бәсекенің алауы келер жылдың 16 сәуірінде жанады. Сол шақта Олимпиада ойындарының басталуына 101 күн қалады. 

Осыдан кейін Олимпиада алауының марафоны басталады. Шамамен бір аптадан соң ол Афинаға жеткізіледі. 

Одан әрі қарай “Белем” кемесімен Жерорта теңізіне сапарға шығады. 8 мамыр күні алау Марсельдің ескі портына жетуі керек. Бұл қалада футболдан жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Әрі қарай эстафета Франция қалаларында жалғасын табады. 

Париждегі төрт жылдықтың басты додасы 2024 жылдың 26 шілдесінде өтеді.