Карим Бенземаның "Әл-Иттихадтағы" таныстырылымы қалай өтті

Карим Бенземаның
Футбол

Getty Images

Франциялық шабуылшы Карим Бензаманың саудиялық "Әл-Иттихадтағы" таныстырылымы өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Карим Бенземаның саудиялық клубтың ойыншысы ретіндегі ресми таныстырылымын көруге 62 000 адам жиналды. Шара барысында Карим Бензема жанкүйерлерге өзінің "Алтын добын" көрсетті.

Сонымен қатар, стадионда шоу ұйымдастырылған. Аренада футболшының қолдан жасалған егізі болып, оған "Әл-Иттихадтың" жейдесі кигізілген.

Бензема доптарға қолтаңбасын қойып, оны жанкүйерлерге таратты және бірнеше балаға футболка сыйлады. Сонымен қатар, футболшы трибуна фонында бірнеше селфи жасап та үлгерді. Таныстырылым барысында Карим Бензема "Әл-Иттихадқа" ақша үшін ауыспағанын, әрдайым мұсылман мемлекетінде өімр сүріп көру арман болғанын жеткізді.