Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орынға көтеріледі
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде WTA-ның жаңартылатын рейтингінде үздік үштікке кіреді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтерілген. Яғни Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші орынға көтеріледі.
Алғашқы үштікке тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол «Ролан Гарростың» ширек финалында әлемнің 14-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға 6:3, 6:7 (5:7), 1:6 есебімен жеңілді.