Ди Мария Мессидің командаласы атануы мүмкін

Ди Мария Мессидің командаласы атануы мүмкін
Футбол

Getty Images

Америкалық “Интер Майами” аргентиналық жартылай қорғаушы Анхель Ди Марияны қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұл туралы инсайдер Николо Скира мәлімдеді. Десе де, футболшы мансабын Еуропада жалғастыруды қалап отырған көрінеді. Еуропалық клубтар арасынан “Бенфика” футболшы қызметін алуға ниеттеніп отырғандардың қатарында. 

Егер Ди Мария MLS-ке ауысса, кеше, 7 маусым күні ғана Лионель Месси ойыншысы атанған “Интер Майамидің” құрамын толықтыруы мүмкін.