Роналду Бенземаның "Әл-Иттихадқа" ауысуына қатысты пікірін айтты

Роналду Бенземаның
Футбол

Getty Images

"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду франциялық форвард Карим Бенземаның "Әл-Иттихадқа" ауысуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Карим жаңа кезеңге аяқ басты. Сауд Арабиясына келу футбол әлеміне жаңа леп әкелетінін сездім. Мұнда ең үздік ойыншылар келіп, лига әлем мықтылары қатарына қосылады", - деді Роналду деп жазады Goal.

Айта кетейік, "Әл-Иттихад" - Сауд Арабиясының чемпионы. Бұған дейін 14 маусымын мадридтік "Реал" сапында өткізген Карим Бенземаның клубтан кеткені мәлім болған. Ол клуб жейдесінде 647 матч өткізіп, 353 гол соққан. 

Өткен маусымда франциялық форвард 23 ойынға қатысып, 18 гол және 3 нәтижелі паспен көзге түсті. Ал Карим Бенземаның "Әл-Иттихадпен" жасасқан келісімшарты 3 жылға есептелген.