Лука Модрич "Реалмен" келісімшартты ұзартты
Футбол
Getty Images
Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Хорватиялық ақпараттық агенттіктің мәліметінше, 37 жастағы футболшымен жасалған жаңа келісімшарт 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін шақталған. Ал Лука Модричтің "Реалмен" қазіргі келісімшарты осы жылдың маусым айының соңында аяқталады.
Бұған дейін Лука Модричке саудиялық клубтардың бірі үш жылға есептелген келісімшарт ұсынғаны туралы ақпарат тараған.
Осы маусымда жартылай қорғаушы 51 матчқа қатысып, 6 гол және 6 нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt дерегіне сәйкес, футболшының трансферлік құны 10 млн еуро болады.
Айта кетейік, мадридітк "Реал" Испания чемпионатының 2022/23 жылдар маусымында екінші орын алды.