UFC Парижде жекпе-жектер кешін өткізеді

UFC Парижде жекпе-жектер кешін өткізеді
Жекпе-жек

UFC

UFC 2 қыркүйек күні Париждегі "Аккор Аренада" Fight Night кеші өткізеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі ESPN сілтеме жасап.

Бұл UFC-дің 2020 жылы жекпе-жек спортын Францияда заңдастырғаннан бері өткізетін екінші жарысы болмақ. Өткен жылы 3 қыркүйекте Парижде Сириль Ган мен Тая Туивасудың жекпе-жегі өткен. Франциялық спортшының жеңісімен аяқталған жекпе-жекті көруге 15 405 адам жиналған, ал жарыстан түскен пайда 3,2 млн доллар болған еді. 

Айта кетейік, UFC Францияда аралас жекпе-жекті заңдастыру үшін 10 жылдай уақыт жұмсады.