Карим Бензема саудиялық клубқа ауысуы жайында пікір білдірді

Карим Бензема саудиялық клубқа ауысуы жайында пікір білдірді
Футбол

“Әл-Иттихад” ФК

Франциялық шабуылшы Карим Бензема саудиялық “Әл-Иттихад” ойыншысы атануына қатычты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

”Мен үшін бұл жаңа өмір сияқты, сондықтан жаттығуларға кіріскенге дейін асықпын. Чемпион атанып, гол соғып, өзімнің барлық қабілеттерімді көрсету және жанкүйерлерді, клуб пен басшылықты қуанту үшін барымды саламын. Мықты ойыншылары көп жақсы лига. Жақын танысым Криштианв Роналду осында ойнап жүр, бұның өзі Сауд Арабиясының прогресін көрсетеді. Мен мұнда дәл Еуропадағыдай жеңімпаз атану үшін келдім. Бәріңізді Джиддта көргеніме қуаныштымын”, - деп жазады Бенземаның сөздерін клубтың Twitter парақшасы.

Еске салайық, Карим Бензема бұған дейін мадридтік “Реал” құрамында өнер көрсетті. Карим Бензема саудиялық клубпен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасты және осы уақвт аралығында ол 200 млн еуро көлемінде табыс табады.