Астанадағы жауынгерлік самбодан Азия біріншілігіне 600 спортшы қатысады

Астанадағы жауынгерлік самбодан Азия біріншілігіне 600 спортшы қатысады
Жекпе-жек

Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия және Океания чемпионаты басталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжановтың айтуынша, чемпионатқа елімізден 24 мүмкіндігі шектеулі спортшы, 126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошымыз қатысады.

Ал дүбірлі додаға әлемнің 30 елінен барлығы 600 спортшы қатысады. Турнир 11 маусымға дейін жалғасады.

Фото: Meta-ratings.kz