Роналдудың клубы Н'Голо Кантені қатарына қоспақшы
Getty Images
Криштиану Роналду өнер көрсететін саудиялық "Әл-Наср" футбол клубы "Челсидің" жартылай қорғаушысы Н'Голо Кантеге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, франциялық ойыншы "Челси" құрамында қалғысы келеді, бірақ тараптар соңғы екі айда келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізбеген.
Лондондық клуб 32 жастағы футболшымен келісімшартты ұзарту мәселесін тоқтатып қойғанда, "Әл-Наср" Кантені өз қатарына қосу үшін жұмыстанып жатыр.
Н'Голо Канте биылғы маусымда жарақатына байланыста ткек тоғыз матчқа қатысып, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Оның лондондық клубпен жасасқан келісімшарты маусым айының соңында бітеді.
Transfermarkt мәліметінше, футболшының трансферлік құны 20 млн еуро болады. Бұған дейін Категе тағы бір саудиялық клуб қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған.
N’Golo Kanté situation remains open as he’d love to stay at Chelsea but talks are not advancing to final stages after being close to full agreement in March. ?? #CFC
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) June 5, 2023
Understand Al Ittihad and Al Nassr are the two Saudi clubs who are ready to tempt Kanté for new experience. pic.twitter.com/7qrKWTMule