Никита Михайлис ҚХЛ ең қымбат ойыншыларының бірі атанды

Никита Михайлис ҚХЛ ең қымбат ойыншыларының бірі атанды
Хоккей

Сурет: "Барыс" ХК 

Журналист Михаил Зислис Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Никита Михайлистің келесі маусымдағы жалақысын мәлім етті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жаңа маусымда магнитогорскілік “Металлург” сапында өнер көрсететін Никита Михайлис 80 млн рубль (442,4 млн теңге) жалақы алады. Тағы 26 млн рубльді (143,7 млн теңге) хоккейші сыйақы ретінде ала алады. 

Айта кетейік, Никита Михайлис магнитогорскілік клубпен бір жылға келісімшарт жасасты.