Тағы бір қазақ хоккейшісі "Тамбовқа" ауысты
Хоккей
Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Мусоров "Спартак" жүйесінен кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Хоккейші ақшалай өтемақымен "Тамбов" клубына айырбасталды.
Өткен маусымда 22 жастағы шабуылшы "Химик" құрамында өнер көрсетіп, Петров Кубогының иегері атанған. Тұрақты маусым мен плей-оффта 44 ойынға қатысқан қазақ хоккейшісі 10 (6+4) ұпайды өз есебіне жазған.
Соынмен қатар, Максим Мусоров Латвияда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, төрт ойынға қатысқан.
Айта кетейік, бұған дейін "Тамбов" хоккей клубының құрамын тағы бір қазақ баласы Саян Данияр толықтырған.