"Әл-Иттихад" Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Футбол

Сурет: Дмитрий Голубович

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100 млн еуро болатын жалақы ұсынған, оған қоса берілетін сыйақылар да қарастырылған. Жақын арада Карим Бензема келісімшартқа қатысты өз шешімін айтады деп күтіліп отыр. 

Айта кетейік, Карим Бензема 2009 жылдан бастап мадридтік "Реал" намысын қорғап келеді.