Карим Бензема "Реалдан" кетуі мүмкін

Карим Бензема
Футбол

Мадридтік "Реал" шабуылшысы Карим Бензема клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

As басылымының жазуынша,  Карим Бензема маусым соңында мадридтік "Реалдан" кетеді. 35 жастағы футболшыға Сауд Арабиясы бір клубынан ұсыныс түскен. Ойыншыға жылына 200 млн еуро жалақы берілетін екі жылдық келісімшарт ұсынылыпты. Сонымен қатар, ол бұл ұсынысты қабыл алса, салықтардан босатылады. Оған қоса, Сауд Арабиясы, Греция мен Египеттің 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге берген ұсынысында елші болса, форвард тағы да көлемді пайда таба алады.

Айта кетейік, Карим Бензема 2009 жылдан бері мадридтік клуб намысын қорғап келеді.